БЕКІТЕМІН
Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелері жөніндегі
комиссияның төрағасы
_________________ Б. Малғаждаров
«____» ____________ 2020 жыл
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның
2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына жұмыс
ЖОСПАРЫ
1 тоқсан (наурыз айы)
- «Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы);
- «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы);
2 тоқсан (маусым айы)
- «Жақсы ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларын болдырмау бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы);
- «Әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы);
- «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2021 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» (баяндаушы: «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы»).
Ескертпе: Қажет болған жағдайда комиссия отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер түзетілуі мүмкін.