Меню

Страницы

Статья

Вакцина емдемейді, бірақ ауырып қалмауға мүмкіндік береді - сарапшы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлер жаңа вакцина туралы мифтер мен фактілер туралы айтып берді. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, профессор Лаззат Ералиева кезінде әлемді обадан нақ осы вакцина құтқарғанын еске салып өтті.

«Вакцина дәрі емес, ол жұқпалы ауруларды емдемейді. Бірақ тарих көрсеткендей, вакцинацияның арқасында әлем бірқатар қауіпті және ауыр инфекциялардан арылды. Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясы туралы мифтер көп, мен сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырамын», - деді Л.Ералиева.

Сарапшы түсіндіріп өткендей, КВИ вакцинасы, басқа вакциналар сияқты, иммунобиологиялық препарат болып табылады және қолданған кезде оның қарсы көрсетілімдері, енгізілгеннен кейін мүмкін болатын реакциялар және оны қою шарттары бар. Қазіргі уақытта әлемде әзірленіп жатқан КВИ қарсы вакциналардың құрамы әр түрлі – бұл өлтірілген вирустың бөлшектері немесе вирустың РНҚ бөлшектері, мысалы, аденовирус немесе SARS-CoV-2 коронавирусының рекомбинантты ақуыздарының қоспасы сияқты басқа вирустар болуы мүмкін.

«Адам ағзасына енгізген кезде бұл вакциналар оның бойында антиденелер қалыптастырады, иммунологиялық реакция пайда болады, ол әртүрлі адамдарда әртүрлі болуы мүмкін. Жағымсыз реакцияларды бірден айту мүмкін емес, иммунды жауаптың қалыпты көріністері мен иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді ажырату қажет», - деп атап өтті Л.Ералиева.

Оның айтуынша, көп жағдайда вакцинациядан кейін адам ештеңе сезбейді. Қалыпты реакцияларға вакцина енгізілген жердің қызаруы немесе ісінуі, дене температурсыаның қысқа мерзімді жоғарылауы жатады. Кейбір жағдайларда гиперреакция болуы мүмкін - бұл жоғары температура мен аллергиялық белгілер. Бұған көп жағдайда созылмалы және өткір аурулардың асқынуы себеп болады. Айта кетейік, мұндай реакция вакцинацияланған адам екпеден кейін белгілі бір режимді сақтамағанда болады.

 

https://ortcom.kz/kk/novosti/vakcina-emdemejdi-biraq-auyryp-qalmauga-mumkindik-beredi-sarapshy

 

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы