Меню

Страницы

Статья

Моңғолияда 23 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. Montsame-ҚазАқпарат – Моңғолия үкіметі ел тұрғындарына вакцина егуді 23 ақпаннан бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында Моңғолия елінің Денсаулық сақтау министрі С.Энхболд мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша, 23 ақпаннан бастап ел азаматтарын вакциналау бойынша жоспар құрылды. «Қазіргі кезде біз вакцинаның төрт түрін импорттау туралы келіссөздер жүргізудеміз. Бірінші кезекте Моңғолия Pfizer және AstraZeneca вакциналарын алады», - деді С.Энхболд. Ол сондай-ақ -70 градус температурада сақталуы тиіс Pfizer вакцинасына арналған қойма және жабдықтардың толық дайын екенін қосып өтті. «Ел тұрғындарының 20 пайызына вакцина Covax бағдарламасының қаржыландыру есебінен егіледі, вакциналауға тұрғындардың жалпы алғанда 60 пайызы тартылады. Ел халқының қалған бөлігін вакциналау қаржыландырудың басқа көздерінен жүргізіледі. Бұл мәселе Қаржы министрлігі тарапынан толық шешіліп, мақұлданған», - деді министр.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/mongoliyada-23-akpannan-bastap-koronaviruska-karsy-vakcinaciya-zhurgiziledi_a3753317

 

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы