Меню

Страницы

Статья

Бүгінгі таңда әлемде көшбасшылар мен танымал тұлғалардың қайсысы коронавирусқа қарсы екпе алды?

АҚШ-та вакцинаны жаңадан сайланған президент Джо Байден алды – ол 78 жаста және тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.

Гвинея Президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен егілген елдің алғашқы көшбасшысы. Сондай-ақ, елімізде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі егілді.

Аргентина президенті Альберто Фернандес Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасады. Президентке дейін Буэнос-Айрестің Денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцинацияланды.

Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді.
Түркия президенті Режеп Ердоған СoronaVac қытай препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Алғашқы егуді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин кожа жасатты.

Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасымен егілді.

Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді. Американдық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасатты.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы