Меню

Страницы

Статья

Алексей Цой эпидахуал бойынша 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті

ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуал бойынша арнайы жұмыс тобы жасаған 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін шектеу шаралары күшінде болғандағы эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министр сонымен қатар реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6 және 9 мың адам індет жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Ал төсек қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетеді. Яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмей, сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қатаң карантин талаптарын енгізу қажет болады. «Бірінші кезеңде 2 миллион адамды вакциналау эпидемияның дамуына оң әсер етеді. Біздің есептеуімізше, 2 миллион адамды вакциналау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинамен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім азаяды, шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакциналау екенін түсінді», - деді министр.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/aleksey-coy-epidahual-boyynsha-2021-zhyldyn-sonyna-deyingi-bolzhamdy-zhariya-etti_a3742674

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы