Меню

Страницы

Статья

Ермек Мыржықпаев: Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр

ҚазАқпарат – Ақмола облысында коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізілуде. Соңғы аптада жалпы аурудың орташа өсімі 0,8 пайызды құрады. Соңғы тәуліктерде - 1,2 пайыз немесе 99 жағдай. 526 адам стацонарда ем алып жатыр. Оның ішінде 41 адамның жағдайы ауыр. Аурудың артуына жол бермеу және карантин шараларын күшейту үшін барлық қажетті шара қолданылады», - деді ол. Оның айтуынша, азық-түлік емес дүкендердің, сауда ойын-сауық орталықтардың жұмыс тәртібі 30 пайыз толуына қарай таңертеңгі сағат 10-нан 22-00-ге дейін, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі сағат 09-00-ден 20-00-ге дейін шектелді. Мониторинг топтарымен жыл басынан бері 346 рейд өткізілді. 1 212 нысан қамтылды. Өткен аптада инфекциялық стационарларда, оның ішінде ауылдарда төсек-орын саны артты. Реанимациялық төсек-орындардың жабдықталуы 100 пайызды құрайды. «Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен ықпалдастырылған 3 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 1 700-ден 2 мыңға дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді», - деді Ермек Маржықпаев.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ermek-myrzhykpaev-akmola-oblysynda-epidahualdy-turaktandyruga-bagyttalgan-zhumys-zhurgizilip-zhatyr_a3742684

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы