Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық бақылау – жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетігі

Бүгін Ақмола облысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов жемқорлық қылмыстарының алдын алу, оларды анықтау және тергеу жұмысы жөнінде баян етті.

«Біз жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілетін түсіндіру жұмыстарына зор көңіл бөліп келеміз. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабы аясында қылмыстық құқық бұзушылыққа және өзге заң бұзушылықтардың орын алуына ықпал ететін жағдайларды жою бойынша ұсынымдар аудандар мен ауылдардағы еңбек ұжымдарымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында қаралады» - деп Қуаныш Бекбасов мәлім етті.

Сонымен қатар отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов баяндама жасап, үкіметтік емес сектордың жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды рөлін атап өтті. Департаментпен жүзеге асырылатын көптеген жемқорлыққа қарсы жобалар азаматтық қоғамның қатысуымен іске асырылады.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестердің, барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы арқасында әлдеқайда жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылаумен қамту әлдеқайда кеңейді. Азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетігі болып табылады. Бұндай бақылау түрін енгізу азаматтық қоғам институттарын белсенділендіреді. Бұл орайда Департаментпен «Азаматтық бақылау», «Қоғамдық бақылау картасы» және «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» сияқты жобалар жүзеге асырылады» - деп Берген Беспалинов атап өтті.

 

Дата публикации
23 мая 2019
Дата обновления
23 мая 2019
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы