Меню

Страницы

Статья

ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ АЛУ

Бүгінде діни қызмет саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі - қызмет) автоматтандырылған және e-gov («Е-лицензиялау») порталында қолжетімді.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20256 тіркелді.

Бүгінгі күні, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұсынысы бойынша «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» қызметтері бойынша қағаздағы ұсынудың баламасын алып тастау жоспарлануда. Осы мемлекеттік қызметтерге баламаны алып тастау бойынша қағидаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

       Электрондық өтінім беру үшін, egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторлану қажет. Бұдан әрі «Қызметтер»-ге кіріп, ұсынылған тізбеден «Мәдениет» саласын және қажетті қызметті таңдау қажет.

            Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу қажет (қажетті тізбені 1414 байланы-орталығынан немесе басқарма udr.akmo.gov.kz сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен білуге болады). «Кімге?» деген бағанда қызмет көрсетушіні — Ақмола облысының дін істері басқармасын көрсету керек.

          Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, №420 каб. мекен-жайына немесе 8(7162) 51-13-62 телефонына хабарласуға болады.

Ақмола облысы Дін істері басқармасының бас маманы

Г. Бессмертная

Дата публикации
09 декабря 2020
Дата обновления
09 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы