Меню

Страницы

Статья

Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есік күні»

«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда  коронавирус індетіне (Covid-19) байланысты салымшылармен кездесуді Қор филиалдарында күндізгі форматта өткізу мүмкін емес болғандықтан  БЖЗҚ қызметкерлері оны биыл екінші рет виртуалды кеңістікке көшірді.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегімен онлайн форматтағы іс-шараға қатысып, үйінен шықпай-ақ,  «Ашық есік күні» шарасына қатыса алды.

Бұл жолы кездесу шеберлік сабағы форматында өтті, өйткені, негізгі қатысушылар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері болды. Ал іс-шара «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» атты тақырыпқа арналды. 

Жастардан құралған мақсатты аудитория кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені, студенттердің басым бөлігі жақын арада БЖЗҚ салымшыларына айналады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да дәл осы кезең аралығында жүргізу қажет. Ең маңызды нәрсе, жас ұрпақтың Қордың жұмысы, ұсынатын қызметтері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы бола отырып, зейнетақы жарналарын өзінің жеке зейнетақы шотына аударудың маңыздылығы туралы мағлұмат алуы болмақ. Өйткені, жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілігі мен өзін-өзі лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуге деген талпынысын дамыту аса маңызды іс.

            Іс-шараға қатысқан адамдар саны еліміз бойынша жоғары деңгейді көрсетті, қатысушылардың әрқайсысы «Ашық есік күні» шарасын өткізудің электрондық форматына ризашылықтарын білдірді. Өз кезектерінде олар Қор қызметкерлерінің еліміздің зейнетақы жүйесі туралы қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті етіп ұсына алғандарын атап өтті.

 

Дата публикации
30 ноября 2020
Дата обновления
30 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы