Меню

Страницы

Статья

Мерзімі өтуімен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырумен, жоғалту немесе ұрланаумен байланысты жүргізушілік куәлігін алуға өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады

«Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді. Енді оны мерзімі өткен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған, құжатты жоғалтқан немесе ұрлаған кезде пайдалануға болады.

 

Көрсетілетін қызметті жеке тұлғалар пайдалана алады, оның нәтижесі жүргізуші куәлігін дайындау туралы хабарлама болып табылады.

 

«Біз тұрақты және тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кері байланыс жасаймыз. Азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар жеке кейстер ретінде қаралады және пысықталады. Бұл сондай-ақ онлайн режимінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процесін жақсартуға және жеңілдетуге ықпал етеді", - деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

 

Көрсетілетін қызметті алу үшін порталға eGov.kz кіру және «Көлік және коммуникация» қосымша бетін таңдау. «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» көрсетілетін қызметін таңдау. Бұдан әрі порталда авторлану және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Барлық міндетті алаңдарды толтыру, фотосуретті және қол қою үлгісін жүктеу. 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жүргізу және ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою қажет.

 

«Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» жолын таңдаған кезде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті жүктеу қажет. Іс-әрекет ету мерзімі өткеннен кейін 083-У медициналық анықтаманы, жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасынан қызмет иесі - ҚР Ішкі істер министрлігі талаптарына сәйкес анықтаманы тіркеу қажет.

 

Көрсетілетін қызмет ҚР ІІМ қап-мен бірге модификацияланған.

 

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы