Ағымдағы жылы жедел жәрдем станциясына ЖРВИ, Covid-19, пневмониямен 43 907 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде КВИ күдікті және инфекцияға оң анализі бар 3 637 науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.
Осы және өзге де сұрақтарға облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий жауап берді, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы, Ақмола облысы бойынша 27.08.20 - 26.09.20 аралығында 18 289 қоңырауға, 27.09.20 бастап 26.10.20 дейін 17 149 қоңырауға қызмет көрсетілген. Бұл 60,2% төмендегенін көрсетеді. Дегенмен, осы кезеңдегі КВИ 1 350-ден 1 584 қоңырауға дейін өскен (17,3%). Бүгінде Көкшетауда жалпы қоңыраулар саны 6 198-ден 6 025-ке төмендеуі байқалып отыр. Бірақ, Ковид-19 күдігі бар шақырулар санында 233-тен 456-ға (95,7% -ға) өсу көрінеді.
«Келесі эпидемиологиялық маусымға медициналық көмек ұйымдастыруға дайындық шараларының жоспары жасалған. Атап айтқанда, қажет болған жағдайда COVID-19 алғашқы белгілері және пайда болған кездегі тәулік бойғы режимде іс-қимыл алгоритмі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Көкшетау жоғары медициналық колледжінің дәрігерлерімен сall-орталығы жабдықталады», - дейді Александар Анатольевич.
Спикердің мәліметінше, барлық негізгі топтар медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектермен және керекті бұйымдармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Әрі ағымдағы жылы жедел жәрдем қызметкерлерін ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау үшін планшеттермен қамту жоспарланып отыр.