Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданы бойынша темекі өнімдерінің айналымына қатысушылардың назарына

Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығымен бекітілген «Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына» (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесі бекітілді, оған сәйкес 2020 жылғы қазаннан бастап темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді.

Таңбаланған темекі өнімдерінің айналымын жүзеге асыратын субъектілер темекі өнімдерін өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудада өткізушілер болып табылады.

Қағидалардың 8 тармағына сәйкес бөлшек сауданы жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

– электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі-ЭЦҚ) болуы);

- ЭЦҚ қойылған Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) таңбаланған темекі өнімдерінің айналымы және (немесе) айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар, оның ішінде ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы бағдарламалық-аппараттық кешеннің болуы;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы;

- бақылау-касса машинасымен түйіндес темекі бұйымдарын сканерлеу және сәйкестендіру құралдарын тану құралының болуы;

-Азаматтық кодекстің 22, 23 және 24-тарауларына сәйкес әрбір сатылған бірлік бойынша бақылау-кассалық техниканы пайдалана отырып, таңбаланған темекі бұйымдарын айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.

Қызметін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ аумақтарда жүзеге асыратын темекі бұйымдарын бөлшек саудада өткізушілер таңбаланған темекі бұйымдарын өткізуді 2-д сканер қолданбай жүзеге асыруға құқылы. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті таңбалау операторымен («Қазақтелеком» АҚ) бірлесіп, телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда таңбаланған темекі өнімдерін өткізу тәртібін пысықтауда, осыған байланысты осы мәселе бойынша ақпарат қосымша берілетін болады.

Қазіргі уақытта темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ бұл мәселе бойынша шешім келісіледі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап түзетулер енгізу жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3-үй, телефон 8 (716-35) 21-2-62, jaksy@taxakmola.mgd.kz электрондық мекен-жайға хабарласуға болады.

 

Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
02 ноября 2020
Дата обновления
02 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы