Меню

Страницы

Статья

Тікелей эфирде мемлекеттік қызметке түсу тәртібі түсіндірілді

Тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңызды кезеңі мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу болып табылады. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке ең лайықты, жауапты және талантты мамандарды жұмылдыруға бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

Бүгін Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева Instagram желісінде мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді. Эфир барысында азаматтар жиі қоятын сұрақтарға ерекше назар аударылды, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» талаптары бойынша толығырақ түсініктеме берілді.

Р.Братаева кандидаттардың құқықтары туралы, сондай-ақ құжат тапсырған кандидаттарды әңгімелесуге өткізбейтін жағдайлар жөнінде ақпаратпен бөлісті. Мысалы, талап етілетін құжаттардың толық ұсынылмауы, не болмаса құжаттарда көрсетілген ақпараттың дұрыс болмауы немесе құжаттардың талаптарға сай болмауы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуына негіз бола алады.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда конкурстық рәсімдердің ашықтығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген, бұл азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізудегі теңдігінің кепілі болып табылады. Сондай-ақ, Р.Братаева Заңның 16-бабында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер көзделгенін атап өтті.

Тікелей эфирде түсіндірме ақпаратпен 570 қатысушы танысты. Департамент онлайн режімде түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді.

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87 ғимарат, 3 қабат мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы