Бұл туралы бүгінгі брифингте аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Л.В. Бруй айтып берді. Брифингтің модераторы аудан әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметова болды. Людмила Валерьевна медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы туралы айтты:
"Ауруханада дәрі-дәрмектердің қоры жеткілікті, 6 ӨЖЖ аппараты, 11 концентратор бар, жалпы емдеуге арналған барлық қажетті жабдықтар мен препараттар бар".
КВИ бірінші толқыны кезінде аудандық аурухана жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін бастан өткермегені атап өтілді, осы қиын кезеңде провизорлық бөлімшенің қызметкерлері мен пациенттеріне көмек көрсетуде жергілікті кәсіпкерлер мен аудан әкімдігі үлкен рөл атқарды.
Тұрғындар тікелей эфирде сұрақтар қойып, оларға жауап алу мүмкіндігіне ие болды, сұрақтардың негізгі бөлігі коронавирустық инфекцияға қатысты, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, 27.10.2020 жылы @zhaksy_audanynyn_akimdigi аккаунтынан аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановтың және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Жақсы филиалының директоры С. Қ. Есмағамбетовтың қатысуымен "Пандемия кезінде шағын және орта бизнесті қолдау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы" тақырыбында брифинг өтеді. Қосылыңыз және сұрақтарыңызды қойыңыз.