Бүгін Жақсы ауданының әкімдігінде ауданның бас санитарлық дәрігері Д.Б. Тайғұловтың қатысуымен "карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі туралы" брифинг өтті. Брифингке жергілікті БАҚ қатысты, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей трансляция жүргізілді. Брифингтің модераторы аудан әкімінің орынбасары Л.ш. Сейдахметова болды. Брифинг барысында Дамир Болатұлы карантин шаралары кезеңіндегі негізгі талаптар мен ережелерді және оларды аудан тұрғындарының сақтауының маңыздылығын түсіндіріп, БАҚ пен тікелей эфир көрермендерінің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, ертең, 22.10.2020 жылы ОАА бас дәрігері Л.В. Бруйдың қатысуымен @zhaksy_audanynyn_akimdigi аккаунтынан "медициналық ұйымдардың КВИ екінші толқынына дайындық барысы туралы"тақырыбында тікелей эфир өтеді. Әрқайсыңыз сізді қызықтыратын сұрақ қойып, жауап ала аласыз.