Құрметті Жақсы ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлауы өтеді.
Сіздердің назарларыңызға Sailau_aqmo_bot Телеграмм-ботында сайлау учаскесін іздеу сервисі жасалғанын хабарлаймыз, онда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзіңізді тексеруге, сондай-ақ өз учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
🤖 @Sailau_Aqmo_bot Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Telegram қосымшасына өтіп, іздеу жүйесінде Sailau_Aqmo_bot теріңіз
2️⃣ «Іске қосу» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз
Барлық тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға және Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!
