Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілері парасаттылыққа шақырылды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы алаңында бейнеконференцбайланыс арқылы қайта даярлау курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

          Іс-шара барысында Департамент басшысы облыста жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі жаңалықтарды түсіндірді, сондай-ақ филиал тыңдаушыларымен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

          «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту мәселесіне ерекше назар аударады. Бұған Президент Жолдауында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар жаңа түзетулер қабылдау дәлел болып табылады. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін кез келген сыйлықтарды қабылдауға тыйым салу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер, НҚА жобаларына сараптама, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкаға кету институты және басқа да шаралар енгізілді. Сондықтан, мемлекет пен қоғамға қызмет ете отырып, сіздер өз іс - әрекеттеріңіз үшін жауап беріп, жұмыста да, өмірде де адамгершілік нормаларын ұстануларыңыз керек», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

          Онлайн-кездесу барысында аумақтық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Берген Беспалинов пен Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Белла Газдиева мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-этикалық келбетін нығайтудың және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің маңыздылығы туралы айтып берді.

          Кездесу соңында Мұрат Төлеубаев жас мемлекеттік қызметшілерге бастамалар мен ұмтылыстардың табысты жүзеге асуын тіледі, сондай-ақ қатысушыларды өздерінің барлық істерінде парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды

Дата публикации
09 октября 2020
Дата обновления
09 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы