Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның отырысы өткізілді
Отырыс Жақсы ауданы әкімінің орынбасары О. Абжановтың төрағалығымен және аудан прокурорының орынбасары Е. Танатовтың қатысуымен өтті.
Комиссия отырысында бекітілген Жоспарға сәйкес келесі мәселелер қаралды:
- Мәдениет және спорт саласында балалар мен жастарды қолдау, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту және «тәуекел тобындағы» балаларды секциялар мен үйірмелерге тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы (баяндамашылар: Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары; «Жақсы ауылының оқушылар үйінің» әдіскері);
- Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан қолайсыз отбасыларды дер кезінде анықтау, есепке қою және оларға атаулы әлеуметтік, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы (баяндамашылар: Жақсы ауылының әкімі; «Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің» директоры).
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша баяндамашылардың ақпараты назарға алынып, тиісті ұсынымдар берілді.