Меню

Страницы

Статья

Тілге құрмет – тұтынушыға қызмет: қоғамдық тамақтану орындарындағы көрнекі ақпараттың маңызы!

Тілге құрмет – тұтынушыға қызмет: қоғамдық тамақтану орындарындағы көрнекі ақпараттың маңызы!

Қазіргі таңда қоғамдық тамақтану орындары – халық ең көп шоғырланатын және қызмет алатын маңызды нысандардың бірі. Мұндай орындарда ұсынылатын қызмет сапасымен қатар, көрнекі ақпараттың дұрыс әрі заң талаптарына сай ресімделуі де ерекше маңызға ие. Көрнекі ақпарат – тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы алғашқы байланыс құралы. Атап айтқанда, ас мәзірлері, баға көрсеткіштері, жарнамалар, хабарландырулар мен нұсқағыштар келушілерге қажетті ақпаратты түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынуы тиіс. Сондықтан олардың мазмұны мен ресімделуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, барлық көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде орналастырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда орыс тілінде және басқа да тілдерде қосымша берілуіне рұқсат етіледі. Алайда мемлекеттік тілдегі мәтіннің басымдығы сақталуы міндетті. Сонымен қатар, көрнекі ақпараттың мазмұны тек тіл талаптарына ғана емес, сонымен бірге орфографиялық және стилистикалық нормаларға да сай болуы қажет. Сауатсыз немесе қате аударылған мәтіндер мекеменің имиджіне кері әсерін тигізіп, тұтынушылар тарапынан сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір кәсіпкер көрнекі ақпараттың сапасына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары барысында кейбір қоғамдық тамақтану орындарында заң талаптарының сақталмайтыны анықталып отыр. Атап айтқанда, көрнекі ақпараттардың тек орыс тілінде немесе қате аудармамен берілуі, мәтіндердің сауатсыз жазылуы, сондай-ақ ақпараттың толық болмауы сияқты кемшіліктер кездеседі. Кей жағдайларда көрнекі ақпараттардың сыртқы безендірілуі де талапқа сай келмейді: ескі, тозған немесе оқуға қиын баннерлер мен маңдайшалар тұтынушыларға қолайсыздық туғызады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасына жалпы теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі тарапынан түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мамандар кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіріп, көрнекі ақпараттарды дұрыс ресімдеу бойынша ұсыныстар беруде. Айта кету керек, көрнекі ақпараттың сапалы әрі сауатты болуы – тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар мекеменің беделін арттыратын маңызды фактор. Таза, түсінікті әрі сауатты рәсімделген ақпарат тұтынушылардың сенімін күшейтіп, қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге көтереді. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілде сапалы ресімделген ақпарат ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы тіл мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл – әрбір кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігінің бір көрінісі. Қорытындылай келе, қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен қызметкерлерін көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сай ресімдеуге шақырамыз. Бұл – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, жалпы қызмет көрсету сапасын арттыруға да ықпал етеді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Мұхит Алина

«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы

Дата публикации
26 марта 2026
Дата обновления
26 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы