"Жақсы ауданы Жаңақийма ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес "Жақсы ауданының Жаңақийма ауылдық округінің аппараты" ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 (алты) түрін көрсетеді.
2025 жылы «Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық әкімінің аппараты» ММ барлығы 11 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы - 11 қызмет.
2025 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы -100% - құрады.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
2025 жылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» болып табылды - 11 қызмет
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында "Жақсы ауданы Жаңақийма ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрнекі ақпараты бар стендтер орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін "Жақсы ауданы Жаңақийма ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының 1 қабатында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше 69 қызмет алды.
Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін бастап көрсетіледі. түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 5 мақала орналастырылды. Аудандық "Жақсы хабаршы" газетінде Мемлекеттік қызмет туралы мақала 2025 жылдың 5 мамырында жарияланды.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартулар 0, тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: janakiima_akimat@mail.ru, сондай-ақ телефон бойынша:8(71635)51208, 79090.
Жаңақийма ауылдық округінің әкімі Е.Серікбаев