«Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп беру
«Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
2025 жылы барлығы 17 мемлекеттік қызмет қаралды: «Жер учаскелеріне құқықтарды алу. Мемлекет меншігіндегі және тендерлерді (аукциондарды) талап етпейтіндер (бірінші, екінші кезең) – 5 өтініш, «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп төлеу арқылы сату» – 12 өтініш. Басқа мемлекеттік қызметтерге өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.
2025 жылы қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ-де ауыл тұрғындары үшін E-gov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында «Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрнекі ақпаратпен (өтініштер, ережелер үлгілері) стендтер орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсініктемені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ауыл әкімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Instagram әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша ақпарат жарияланды.
Ауыл аумағында «ЕGOV mobile» мобильдік қосымшаны пайдалану бойынша банер орнату іске асырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.
2025 жыл ішінде тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163579150, электрондық пошта мекенжайы jaqsy_chapaev@aqmola.gov.kz.
Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден бастап көрсетіледі. 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Чапай ауылының әкімі м.а. Ж. Куксаус