Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін қызметті беруші «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Көрсетілетін қызметті беруші «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 (алты) түрін көрсетеді.

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  • Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

          2025 жылы «Жақсы ауданының Киев ауылы аппараты» ММ барлығы 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 1 (бір) қызмет заңды тұлға, көрсету нысаны қағаз түрінде.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1 (бір) қызмет.

Басқа қызмет түрлері бойынша өтініштер түскен жоқ.

          2025 жылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің пайызы – 0 %, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 50 %, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 % құрады.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

          2025 жылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылады - 1 (бір) қызмет.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Жақсы  ауданының Киев ауылы әкімі аппаратының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

          Киев ауылында «eGov mobile» (Сандық құжаттар) мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баннер орнатылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын компьютерлер мен басқа да жабдықтар жаңартылды және осындай жабдыққа қолданылатын нормативтік стандарттарға толық сәйкес келеді.

          Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ және «Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімі Киев ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету 2 «Е-gov» бұрышы жұмыс істейді,  азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2025 жылы ауыл әкімінің аппаратында орналастырылған «Еgov» бұрышы арқылы көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше 20 (жиырма) қызмет алды.

(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 2 түрі бойынша 6 мақала орналастырылды. Наурыз айында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтің түрлері бойынша мақала жарияланды.

          2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартулар болмаған, мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

«Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_kievskoe@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон бойынша: 8 (71635) 97132.

 

 

Киев ауылының әкімі                                                                    Е. Сыздыков

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы