ЕСЕП
Жақсы ауданы Белағаш кенті әкімінің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақмола облысы «Жақсын ауданы Белағаш кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді.
2025 жылы Белағаш кенті әкімінің аппаратымен 15 қызмет көрсетілді
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Белағаш кенті әкімдігінің мемлекеттік мекемесінде халыққа қолжетімділік және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпараттар (Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, байланыс телефондары, өтініш үлгілері) стендтер орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамына (кеңесшілер) хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат аудан әкімінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Ауылға баннер орнатылды. Белағаш «e Gov mobile» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша. Белағаш кенті әкімінің аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар 76 электрондық мемлекеттік қызметті өз бетінше алды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
Аудандық "Жақсы хабаршысы" газетінде 2000 адамды қамти отырып, "жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту"мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша бір мақала жарияланды
Әлеуметтік желілерде (Facebook) Мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша 3 мақала жарияланды.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық мекенжай бойынша хабарласуға болады:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (71635)93295, электрондық мекенжайы jaqsy_belagash@aqmola.gov.kz
Белағаш ауылының әкімі С. Есмағамбетов