«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылға арналған қызметі туралы
ЕСЕП
Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ Мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді: "ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы".
2025 жылы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық түрі арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз 43 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Құжаттар топтамасын қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
2025 жылы қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шартты алушыларға шағымдар түскен жоқ.
Ақпараттандыру және сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары облыстық «Жақсынский вестник» газетінде және әлеуметтік желілерде жарияланған. 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 мақала жарияланып.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған ақпараттық стенд бар».
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында стандартталған жұмыс орнына қойылатын талаптарға сәйкес компьютерлік техниканың екі бірлігі жаңартылды.
Барлық сұрақтар бойынша Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-не хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8716-35-21-3-03, эл. пошта jaqsy_ef@aqmola.gov.kz.
Бөлім басшысы А. Ибрагимова