«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша.
ЕСЕП
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
2025 жылы «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барлығы 0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер Жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Жақсы ауылы Дружба көшесінде орналасқан әкімшілік ғимаратта сервистік әкімдік бар, онда «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мамандары кеңес береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар. Әлеуметтік желілерде (Instagram) мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша 1 мақала жарияланды.
2025 жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, телефон: 87163521880, 87163521056, электрондық мекенжай: jaqsy_arh@aqmola.gov.kz
Жақсы ауданының құрылыс,
бөлім басшысының м.а. Қ. Ахамбаев