Есеп
"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы барлығы 62 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілді.
Атап айтқанда:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілікке алу, сондай-ақ тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешім қабылдауы» – 22 қызмет;
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» – 7 қызмет;
«Энергия өндіруші және энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі» – 33 қызмет.
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсету үлесі 100% құрады.
2025 жылы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Энергия өндіруші және энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі» болды.
Халықты мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық форматта көрсету сапасын арттыруға басым назар аударылады.
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратпен танысуға болады.
2025 жылы мемлекеттік қызметтердің 13 түрі бойынша Instagram әлеуметтік желісінде 1 мақала және «Жақсынский вестник» аудандық газетінде 1 мемлекеттік қызмет бойынша мақала жарияланды.
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат және келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы мәліметтер орналастырылған ақпараттық стенд бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522362, электрондық мекенжайы jaksy_zkh@mail.ru.
Басшы Е. Карашин