Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы экономика

және бюджеттік жоспарлау Министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы № 193

бұйрығына 2 қосымша

 

 

Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі -  Есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

Жақсы ауданында 22 мемлекеттік орган қызмет көрсетеді (аудандық және ауылдық әкімдер аппараттары – 15, дербес бөлімдер – 7).

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 56 түрін көрсетеді.

          2025 жылы Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 1421 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 115, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы - 1102, мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда - 59, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 43, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу - 102.

 

2025 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 73%, мемлекеттік орган арқылы – 4%, Мемлекеттік корпорация арқылы – 8 %, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 3%, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу  - 7% құрады.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі -52 қызмет, ақылы - 4 қызмет жеке және заңды тұлғаларға.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

2025 жылы жүргізілген талдау негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер («Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын тіркеу есебінен шығару) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер болып табылды және механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру»), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»).

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (Қағидалар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«еGov mobile» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша елді мекендерге баннерлер орнатылды.

«Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше 1061 қызмет алды.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын 7 бірлік компьютерлік техника жаңартылды.

Ауданда 5 сервистік әкімдік ашылды (аудан әкімінің аппараты ТКШ ғимаратында, Қийма, Ешім, Қызылсай және Запорожье ауылдық округтерінде).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Жақсы ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 2 дөңгелек үстел өткізілді. (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 53 түрі бойынша 38 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтердің 19 мақаласы жарияланды. Халықты әлеуметтік желілерде ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдігінің парақшасында жоспарланған 8 тікелей эфир өткізілді. Көрсетілетін қызметті алушылармен елді мекендерге барып, «Көрсетілетін қызметті алушы күні» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Көрсетілетін қызметті берушілердің 52 қызметкері техникалық оқудан өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан 2025 жылы Мемлекеттік мекемелердің 4 маманы өтті.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді («Жақсы ауданы Қийма ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Жақсы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ), өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ.  9 ұсыныс берілді, 100% орындалды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;

- электрондық үкімет Порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту; 

- көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: zhaksy_usl@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы:8(71635)21461.

 

 

 

«Жақсы ауданы

әкімінің аппараты» ММ басшысы                                        О. Бочарникова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы