Мемлекеттік қызметшілердің демалысы
Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы демалысы құқықығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілділік беріледі.
Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы ақылы демалысқа да, қосымша демалысқа да, о.і. Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмай, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда да құқығы бар.
Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік отыз күнді құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің бірінші және кейінгі жұмыс жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес демалыс беру кезектілігі жыл сайын демалыс кестесіне сәйкес айқындалады. Басшы кесте құру кезінде мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескереді. Жеке келісім бойынша демалыс кестеден тыс берілуі мүмкін.
Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда - ол берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары оларға бөліп берілуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының кемінде күнтізбелік екі апта болуға тиіс.
Мемлекеттік орган басшысының не аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілер олардың келісімімен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан кері шақырылып алынуы мүмкін. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік қызметшілерге тиісті жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не келесі жылы демалысқа қосылады.
Мемлекеттік қызметшілерге әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оларда әскери қызмет (әскери жиындар) кезеңіне жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.
Басшының қызметкерге демалыстан бас тартуға құқығы жоқ. Алайда, 94-баптың негізінде қызметкердің өтініші бойынша демалыс кейінге қалдырылуы мүмкін (мысалы, ауруына немесе жүктілікке байланысты).
«Ақмола облысы Жақсы ауданы
әкімінің аппараты» ММ басшысы,
әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова