Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының жұртшылығы мұқтаж оқушыларға 23 мың компьютерді беруді бақылауға алды

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының ақпараты бойынша, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында өңірдегі мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық Білім басқармасына 23 мың бірлік дербес компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға 3,5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылды, оған Департамент қызметкерлері мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі де кірді.

«Комиссияның уақытылы және тиісті жұмысының арқасында бөлінген бюджет қаражатының 20% - дан астамы, яғни 600 млн. теңгеден астамы үнемделді. Бұл қосымша компьютерлік жабдықтар сатып алуға және осымен мұқтаж оқушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жақында ғана біз жұртшылықпен бірлесе отырып, Қалалық білім бөліміне 200-ге жуық дана көлемінде компьютерлердің бірінші партиясын алуға қатыстық», - деді спикер.

Айта кету керек, компьютерлік техника қашықтықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға уақытша пайдалануға беруге арналған.

«Бұдан әрі қандай да бір ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мектеп оқушылары арасында келіп түсетін компьютерлік техниканың мақсатты бөлінуіне мониторинг жүргізілетін болады. Бұл мәселе Антикордың да, жұртшылық өкілдерінің де бақылауына алынды», - деп атап өтті аумақтық Департамент басшысы.

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы