2026 жылғы 27 қаңтарда Жақсы ауданы әкімінің орынбасары О. Әбжановтың төрағалығымен Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар Комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
- Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін қолайсыз отбасыларға атаулы әлеуметтік, педагогикалық және құқықтық көмекті уақтылы анықтау, есепке қою және көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы (баяндамашы: Белағаш ауылының әкімі);
- КТІ инспекторының есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және олардың отбасыларымен профилактикалық жұмыс туралы есебі (баяндамашы: Жақсы ауданының ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ инспекторы);
- Отбасыларында кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін, сондай-ақ полиция органдарында есепте тұрған жұмысқа мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыру (баяндамашы: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы).