Қазақстанда түрлі салалардағы мемлекеттік қызметтерді жеңілдету және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Көптеген мемлекеттік қызметтер азаматтарға онлайн-режимде қолжетімді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» бекітілді, осыған сәйкес мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуға мүмкін.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Ақмола облысының дін істері басқармасы: «Миссионерлік кызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге болады.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттарды тікелей басқармаға, Көкшетау қаласының ХҚКО-на немесе электронды түрде беруге болады. Аудандық ХҚКО-ларға құжаттар берілмейді.
Электрондық өтінім беру үшін, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталында авторлану қажет. Бұдан әрі «Қызметтер»-ге кіріп, ұсынылған тізбеден «Мәдениет» саласын және қажетті қызметті таңдау.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу қажет (қажетті тізбені 1414 байланыс орталығынан немесе басқарма сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен білуге болады). «Кімге?» деген бағанда қызмет көрсетушіні — Ақмола облысының дін істері басқармасын көрсету.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, №420 каб. немесе 8(7162)51-31-62 телефонына хабарласуға болады.
Ақмола облысы Дін істері басқармасының бас маманы
Г. Бессмертная