Меню

Страницы

Статья

Антикор сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күреске шақырды

18 қыркүйекте «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған партияның Ақмола облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің өкілдері бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.

Отырыс барысында өңірлердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың жай-күйі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ахуал қаралды.

Өңірлік Қоғамдық кеңесте сөз сөйлеген Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық  көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға көбірек назар аударып, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрестің қажеттілігін атап өтті. Департамент мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, Президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында тиісті жұмыстар жүргізуде. Алайда, барлық қоғамның, мемлекеттік құрылымдардың және басқа да ұйымдардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі түрде іске асыру мүмкін емес», - деді Мұрат Төлеубаев.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы мемлекеттік органдардың басшыларын ашықтық, айқындық және есеп берушілік қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделін мен «Ореn Space» форматындағы кабинеттерді қалалық және аудандық деңгейлерде ғана емес, ауылдық жерлерде де енгізуді қарастыру қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар бөлінетін бюджет қаражатты бақылау арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартуға бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын сапалы және уақтылы іске асыруы қажет. Бұдан басқа, ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізу арқылы қоғаммен тиімді өзара іс - қимылды күшейту қажет», - деп қорытындылады спикер.

Дата публикации
21 сентября 2020
Дата обновления
21 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы