Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, тұрғындарға мүлік пен табыстардың жалпы декларация болып табылатын көлеңкелік экономиканың мөлшерлерін төмендету мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салу толық масштабты әкімшілендірудің тапсырмаларын шешу үшін қажетті шарты туралы ескертеді.
Жалпы декларация көшу мақсаты, салық пен бюджетке міндетті төлемдерін жинауды қамтамасыз етуде мемлекет рөлінің күшейуі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы және көлеңкелік қаржысымен күресу үшін жеке тұлғалардың мүліктері мен табыстарын тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.
Жалпы декларацияны еңгізгенде, келесі жеке тұлғалар декларация тапсыруға міндетті болады:
- Кәмілеттік жасқа толған Қазақстан азаматтары, оралмандар және мекендеу қағазы бар тұлғалар;
- Кәмілеттік жасқа толмаған тұлғалар – оларға тіркелген мүліктерінің болуы немесе олармен табыс алған кезінде;
- шет елдіктер – өзіндік салуға жататын (төлемнің қайнар көзінен емес), қазақстандық қайнарынан табыс алу немесе Қазақстан аумағында мүліктің бар болуы кезінде.
Жеке тұлғалармен 2020 жылда, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалар міндеттемелері, сонымен қатар банкттерде жинақтары, машиналары, пәтерлері, сонымен бірге жеке меншік құқығында тұратын мүліктерін көрсетуге қажет ететін, міндеттемелер мен активтер туралы декларация тапсырылады.
Ағымдағы жылдың ішінде еңбек ақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа табыстар алмаған немесе олармен мүліктері сатылмаған тұлғалар, белгілі бір сандарды көрсетуінсіз, бір бетте қысқаша декларация тапсыратын болады.Егер де жеке тұлғалар одан жоғарыда көрсетілген табыстардан басқа табыстарды алса, немесе қаржылық активтерді немесе құнды қағаздарды сатып алса, онда олар толығырақ декларацияны тапсыруға қажетті болады.