Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы тәрбиелік және оқыту шаралары

ҰБТ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ ұжымымен диалог алаңы форматында кезекті түсіндіру-оқыту профилактикалық іс-шарасын өткізді.

✅Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, оның ішінде мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулер талқыланды. Қазақстан Республикасының "ойын бизнесі туралы" Заңында айқындалған ойын мекемелерінде, сондай-ақ өзге де рұқсат етілмеген орындарда құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен тыйымдарға ерекше назар аударылды. Жеке блок басшылардың қарамағындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігіне арналды, сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы қаралды.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адал Мемлекеттік қызмет қағидаттарын нығайтуға бағытталған ұсыныстар берілді.

 

Дата публикации
25 сентября 2025
Дата обновления
29 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы