Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің "Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-нің 2020 жылғы 7 айдағы аудиторлық іс-шараларының қорытындылары

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылдың 7 айында 74 аудиторлық іс-шара өткізді, аудитпен жалпы сомасы 16 140 027,9 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 11 570 718,5 мың теңгеге немесе жалпы қамту сомасының 71,7% бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

* 2 723 819,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

* 2 328 005,4 мың теңге сомаға рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;

* ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу сомасы 6 518 893,5 мың теңге, оның ішінде:

- Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына ықпал ететін 3 345 637,51 мың теңге;

- 2 341 846,58 мың теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін.

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке есепке алу және өтеу бойынша қалпына келтіруге, көрсетуге 2 757 069,3 мың теңге жатады, оның ішінде:

- қалпына келтіруге 295 377,9 мың теңге жатады;

- есепке алу бойынша көрсетілуі тиіс 2 288 429,4 мың теңге;

- 140 012,27 мың теңге өтелуге жатады.

Қабылданған шаралар.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша есепті кезеңде аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 63 ұйғарым жіберілді, оның ішінде:

– толық көлемде орындалды-50.

Нұсқамаға берілген жауаптарға сәйкес жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 52 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджетке 2 705 239,9 мың теңге немесе 98,1% қалпына келтірілді, есепке алу бойынша көрсетілді және өтелді, оның ішінде:

- қалпына келтірілгені 287 359,0 мың теңге;

- есеп бойынша көрсетілгені 2 288 319,4 мың теңге;

- бюджет кірісіне 129 561,5 мың теңге өтелді.

Департамент есепті кезеңде аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 10 449 004,5 мың теңге айыппұл түрінде 147 хаттама шығарды, оның ішінде бюджет кірісіне 10 449 004,5 мың теңге немесе айыппұлдардың жалпы сомасының 100% өтелді.

Департамент есепті кезеңде құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 407 697,7 мың теңге сомасына 15 аудит материалдарын берді.

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат.

Есеп беру кезеңінде Департаментпен 433 577 877,9 мың теңге қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде шығарылған талаптар, сұраулар, қаулылар негізінде құқық қорғау органдары тартқан мамандардың 58 қорытындысы дайындалды, оның ішінде:

- прокуратура талаптары мен сұраулары бойынша 16 қорытынды;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қозғалған қылмыстық істер шеңберінде маманды тарту туралы қаулылары бойынша-40 қорытынды;

- Ақмола облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қаулылары бойынша-2 қорытынды.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 432 718 276,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 447 477,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

- 432 270 799,2 мың теңге сомаға рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар .

Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар.

Есептік кезеңде Департамент қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік сатып алу туралы, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік заңнама нормаларын сақтау бойынша 84 семинар-кеңес өткізілді.

Департамент тұрақты негізде БАҚ және интернет-ресурстарда сөз сөйлеу жолымен аудиторлық қызмет нәтижелерін жариялау бойынша іс-шаралар өткізеді.

Antikor-live жобасы шеңберінде Департамент басшысының орынбасарлары adaldyqalanyaqmola Instagram-да тікелей эфирде келесі тақырыптарға 3 сөз сөйледі:

- сәйкестік аудиті 2019-2020 ж. ж. қорытындылары;

- ішкі мемлекеттік аудит: Департамент қызметінің негізгі бағыттары;

- заңнаманың сақталуын камералдық бақылау.

 

 

Департамент басшысының орынбасары                                         О. Омаров

Дата публикации
16 сентября 2020
Дата обновления
16 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы