Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, 2025 жылғы 9 маусымда жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша, ағымдағы жылдың 7 тамызында Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК ұжымымен уақытша атқарушы директор түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмысы барысында еңбек ақының төлену тәртібі мен мерзімдерін сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабына сәйкес шарттарды қағаз түрінде жасасуға жол бермеу мәселелері қаралды.
Кездесу барысында Зейналов Я.Р. еңбек ақыны уақытылы төлеудің және мемлекеттік сатып алу шарттарын қағаз түрінде жасасуға жол бермеудің маңыздылығын атап өтті Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 136-бабы («Жалақы төлеу тәртібі мен мерзімі») және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабын сақтау талаптарын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.