Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңының 30-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында күнделікті негізде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашасындағы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәуекелдер бейініне сәйкес камералдық бақылау жүргізіледі.
Осылайша, Департамент 2020 жылдың 1 жартыжылдығында камералдық бақылаумен 446 121 158, 1 мың теңге сомасына 53 736 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) қамтып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 53 063 797, 1 мың теңге сомаға 773 хабарлама жіберді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әрекеттеріне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың 826 өтінішін қарады.