2025 жылғы 17 маусымда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты №4 Типтік базалық бағытты іске асыру шеңберінде аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен келесі мемлекеттік мекемелер ұжымдарымен диалог алаңы түрінде кезекті түсіндіру және оқыту профилактикалық іс-шарасы өткізілді:
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ,
«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,
«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» ММ.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер, оның ішінде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген ұғымға сәйкес келетін ойын мекемелерінде және арнайы белгіленбеген орындарда құмар ойындарға және (немесе) бәс тігулерге қатысуларға тыйым салу сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер талқыланды.
Сонымен қатар, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың дербес жауапкершілігі, сондай-ақ Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге тиісті ұсынымдар берілді.