Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздің назарыңызға келесіні жеткізеді:

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Заңының 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі-БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

Өз кезегінде, салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес 2019 жылғы 13 сәуірден бастап БКМ чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

          1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) БКМ зауыттық нөмірі;

          4) БКМ салық органындағы тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күні мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

8) фискалдық белгі;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;

          10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

13) егер салық төлеуші қосылған құнсалығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайы;

15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих коды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Тауарлардың/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы мен өлшем жіктеуіші бекітілмегенін ескере отырып, фармацевтикалық тауарларды өткізетіндерді қоспағанда, салық төлеушілердің тауарлардың мен олардың өлшем бірліктерін өзіндік номенклатурасы пайдалануға, сондай-ақ өз бетінше немесе БКМ дербес техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы БКМ-на жоғарыда көрсетілген талаптарды енгізу мүмкіндігі бар. Фармацевтикалық тауарларды өткізетін тұлғалар бекітілген дәрілік заттардың атауларын пайдалануы қажет.

Салық төлеушілер БКМ қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екендігіне назар аударамыз (Салық кодексінің 13-бабының
3- тармағының 4) тармақшасы).

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, онлайн-БКМ басып шығарылатын чектерін Салық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша 8-716-35-21-2-62 телефонына хабарласуға болады.

 

 

 

Онлайн-БКМ басып шығарылған чек формасының мысалы

 

 

1) ЗТ немесе ЖК атауы;

2) БСН/ЖСН 123456789101 (12 сан);

3) БКМ ЗН (БКМ зауыттық нөмірі көрсетіледі);

4) БКМ ТН 123456789101 (БКМ тіркеу нөмірі 12 сан көрсетіледі);

5) чектің № (чектің реттік нөмірі көрсетіледі);

6) 01.01.2020, 10:00 форматындағы күні мен уақыты;

7) тауар, жұмыс, қызмет бірлігінің бағасы;

8) ФП (цифрлар түрінде фискалдық белгі көрсетіледі);

9) ҚДҚ (Қазақтелеком АҚ немесе Транстелеком АҚ және чекті тексеруге арналған сайт);

10) тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы (толық атауы көрсетіледі, фармацевтикалық құралдарды өткізген жағдайда бекітілген атауға сәйкес дәрі-дәрмектің атауы көрсетіледі);

11) саны және өлшем бірлігі (сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі);

12) сату сомасы (тауарды, жұмысты, қызметті сатудың жалпы сомасы);

13) ҚҚС (қосылған құн салығының ставкасы көрсетілген сомасы);

14) Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Абай көшесі, 1-үй (БКМ пайдалану орнының мекенжайы);

15) QR-код (БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код) басылады.

 

 

Көрсетілген чек форматын ұстануды ұсынамыз.

 

Дата публикации
04 сентября 2020
Дата обновления
04 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы