Жақсы ауданының әкімдігі 2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Кравец Арман Владимировичке 2025 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 21-5-06, 21-5-01.