"Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ Мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді: "ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы".
2024 жылы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық түрі арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз 17 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Құжаттар топтамасын қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
2024 жылы қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шартты алушыларға шағымдар түскен жоқ.
Ақпараттандыру және сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары облыстық «Жақсынский вестник» газетінде және әлеуметтік желілерде жарияланған. 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 мақала жарияланып, тікелей эфир жүргізілді.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған ақпараттық стенд бар».
Барлық сұрақтар бойынша Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-не хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8716-35-21-3-03, эл. пошта jaqsy_ef@aqmola.gov.kz.
Бөлім басшысы А. Ибрагимова