«Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/ҢҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне, мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Басқа да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түскен жоқ.
Құжаттар топтамасын, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қабылдау кезінде бұзушылықтарға жол берілген жоқ. «Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше алу туралы халықты хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізілуде. 2024 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері жарияланды. 2024 жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желілерде 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 мақала жарияланды.
«Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де стенд бар, онда жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ережелер, келушілерге «электрондық үкімет» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ халыққа мәліметтер Жақсы ауданы әкімінің сайтында ақпаратты орналастыру арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522025, электрондық мекен-жайы jaqsy_zo@aqmola.gov.kz