Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
2024 жылы «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барлығы 184 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 70, электрондық үкіметтің веб - порталы арқылы - 114, Мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда – 0, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің жүйелері арқылы - 0.
2023 жылы мемлекеттік мекеме 186 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 58;
- «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 51;
- «Эскиздік жобаны (эскизді) келісу» - 40;
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» (мекенжайды нақтылау) – 37.
2023 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы – 68,8%,Мемлекеттік корпорация арқылы – 31,2% құрады.
Мемлекеттік қызметтер Жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
2024 жылы жүргізілген талдау негізінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қызметтер болды:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Жақсы ауылы Дружба көшесінде орналасқан әкімшілік ғимаратта сервистік әкімдік бар, онда «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мамандары кеңес береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар. Әлеуметтік желілерде (Instagram) мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша 1 мақала жарияланды.
2024 жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, телефон: 87163521880, 87163521056, электрондық мекенжай: jaqsy_arh@aqmola.gov.kz
Жақсы ауданының құрылыс,
бөлім басшысы Д. Қошығұлов