"Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
2024 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары жарияланады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.
"Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат, келушілер үшін "электрондық үкімет" арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.
Барлық ескертулерді Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Жақсы ауданының ішкі саясат, тілдерді дамыту мәдениет және спорт бөлімі" ММ электрондық поштасына жіберуге болады. Байланыс телефоны: 8716-35-22-0-10.
"Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ
басшысы А. Торткарина