Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына 2 қосымша
Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі - Есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Жақсы ауданында 22 мемлекеттік орган қызмет көрсетеді (аудандық және ауылдық әкімдер аппараттары – 15, дербес бөлімдер – 7).
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 56 түрін көрсетеді.
2024 жылы Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 1667 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 264, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы - 1145, мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда - 20, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 18, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу - 220.
2024 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 69%, мемлекеттік орган арқылы – 2%, Мемлекеттік корпорация арқылы – 16 %, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 1%, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу - 13% құрады.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі -52 қызмет, ақылы - 4 қызмет жеке және заңды тұлғаларға.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
2024 жылы жүргізілген талдау негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер («Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын тіркеу есебінен шығару) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер болып табылды және механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру»), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»).
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (Қағидалар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«еGov mobile» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша елді мекендерге баннерлер орнатылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу бойынша жұмыс жүргізілді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. «е-gov» бұрыштары арқылы көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше 872 қызмет алды.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын 8 бірлік компьютерлік техника жаңартылды.
Ауданда «Сервистік әкімдік» өз жұмысын жүзеге асырады, оның құрылымына әлеуметтік қорғау, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ТКШ қызметкерлері кірді. Мамандар азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша ашық форматта қабылдайды. Желтоқсан айында Қызылсай ауылдық округінде сервистік әкімдік ашылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Жақсы ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 3 дөңгелек үстел өткізілді. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 53 түрі бойынша 37 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтердің 18 мақаласы жарияланды. Аудан әкімдігінің ресми парақшасында 6 онлайн жәрмеңке өткізілді. Қазан айында Жақсы ауылының сервистік әкімдігінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Көрсетілетін қызметті берушілердің 52 қызметкері техникалық оқудан өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан 2024 жылы Мемлекеттік мекемелердің 2 маманы өтті.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
2) Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді («Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» ММ, «Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ), өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. 12 ұсыныс берілді, 100% орындалды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Барлық сұрақтар бойынша zhaksy_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжай бойынша хабарласуға болады:, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635)21461.
«Жақсы ауданы
әкімінің аппараты» ММ басшысы О. Бочарникова