Меню

Страницы

Статья

Есеп "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.2023 жылы 69 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілді.

2024 жылы 84 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілді.

- "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" - 43 қызмет. 

- "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" - 8 қызмет.

- "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру" - 33 қызмет.

2024 жылы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету пайызы – 100% -. құрады.

2024 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет "мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"болды

Халықты "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға басымдық беріледі. "Электрондық үкімет" веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады. 2024 жылы Instagram әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша мақала, сондай-ақ аудандық "жақсы хабаршысы" газетінде 1 Мемлекеттік қызмет бойынша мақала жарияланды.  2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын компьютерлік техниканы жаңарту болды

"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат, келушілер үшін мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522362, электрондық мекенжайы jaqsy_zhkh@aqmola.gov.kz.

 

 

Басшы                                                                                                                                     Е. Карашин

 

                                                           

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы