Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 9 түрін көрсетеді.
2024 жылы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық үкімет порталы арқылы барлығы 62 қызмет көрсетті.
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» - 47 қызмет; «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» - 0 қызмет; «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» - 8 қызмет, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 4 қызмет, «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» - 3 қызмет. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - осы қызметтер бойынша өтініштер түскен жоқ.
2024 жылы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің пайызы - 100% құрады. Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер аса сұранысқа ие:
2024 жылы жүргізілген талдау негізінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Шақыруды кейінге қалдыру» болып табылды – 47 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (қағидалар, өтініш үлгілері) орналастырылды.
Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының 1 қабатында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша 4 мақала орналастырылды.
2024 жылы мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді
Барлық сұрақтар бойынша электрондық мекенжай бойынша хабарласуға болады: zhaksy_kanz@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635) 21261.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және қаржылық-шаруашылық қызмет
бөлімінің басшысы З.Шаматова