Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коронавируспен күреске өз үлесін қосты

«Акселератор добра»  жобасы аясында Көкшетау қаласының «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық Денсаулық сақтау басқармасына оттегі концентраторын табыс етті.

Айта кету керек, бұған дейін республика Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері медициналық ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аудару арқылы шамамен 27 млн.теңге жинады.

Осы қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетте қалмайды және басқа ұйымдар сияқты пандемиямен күреске өз үлесін қосады. Бүкіл әлем үшін қиын кезеңде біз әрқайсымыз өзіміздің, айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты болуымыз, сондай - ақ ауруды жеңу үшін ұйымшылдық танытуымыз керек», - деп атап өтті аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері тұрақты негізде Соvid-19-мен күресу үшін өңірге келіп түсетін шетелдік гуманитарлық көмектің бөлінуін бақылауды жүзеге асыратынын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда Катар, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Грузия, Польша, Сербия, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-нан келген гуманитарлық жүк бөлініп, таратылды.

Келіп түскен гуманитарлық жүк медициналық мекемелерге жіберіледі. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жүкті соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалану тәуекелін болдырмау үшін барлық келіп түскен дәрі-дәрмектер мен бұйымдар «Гуманитарлық көмек. Тегін. Сатуға болмайды» арнайы мөртаңбасымен таңбаланады.

 

 

Дата публикации
27 августа 2020
Дата обновления
27 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы