№ 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілімен Қызылсай ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шектеулер, оның ішінде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол үшін бөлінбеген орындарда құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша диалог алаңы нысанында кезекті түсіндіру және оқыту профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұдан басқа, бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы мәселе қаралды. Іс-шарадан кейін мемлекеттік қызметшілерге тиісті ұсыныстар берілді.