Біздің азаматтарымыз үшін мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдету және конкурстарды барынша ашық өткізу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметке кіру ережесіне бірқатар елеулі өзгерістер енгізілді, онда неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталғым келеді.
Осылайша, Енді үміткерлер конкурсқа үйден шықпай-ақ электрондық пошта арқылы құжаттарды бере алады, яғни бұрын талап етілгеніндей, құжаттардың қағаз нұсқасын мемлекеттік органға әкелу қажеттілігі болмайды.
Әңгімелесу үшін кандидаттың мемлекеттік органға жеке келуі талап етілмейді, өйткені ол қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар, қазір конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өз өтініштеріне екі құжатты қоса береді: дипломның көшірмесі және қызметтік тізімнің көшірмесі. Қалған, бұрын талап етілетін құжаттарды конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат ғана тапсырады.
Конкурсқа қатыса алатын әлеуетті бақылаушылар қатары едәуір кеңейтілді. Егер бұрын байқаушылар қатарына депутаттар, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар өкілдері, Агенттік пен өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері кірген болса, қазір әрбір кәмелетке толған әрекетке қабілетті азамат бақылаушы бола алады. Бұл кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысын алдын ала хабардар ете отырып, әңгімелесуге өз байқаушысын шақыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, соңғы түзетулермен комиссия мүшелері бұдан былай дауыс беру арқылы лауазымға кандидатты сайламайды. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша ең көп балл жинаған үміткер бос лауазымға орналаса алады, яғни қазіргі уақытта әңгімелесу конкурс жеңімпазын таңдауда жалғыз өлшем болып табылмайды, тестілеу баллдарды есепке ала отырып қабылдайды.Ал "Б" корпусының басшы лауазымына үміткерлер бұдан басқа эссе тапсырады. Бұдан басқа, конкурстық комиссияның мүшелері тиісті жұмыс дағдылары мен құзыреттері бар үздік кандидатты таңдау үшін лауазымның ерекшелігіне байланысты іріктеудің қосымша құралдарын жариялай алады.
Мысалы, конкурстық комиссия үміткерлерден тиісті саладағы проблемаларды және оларды шешу мүмкіндіктерін қарау бойынша презентация жасауды сұрай алады.
«Ақмола облысы Жақсы ауданы
әкімінің аппараты» ММ басшысы,
әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова